Бүгіннен бастап кейбір өңірдегі нысандардың жұмыс уақыты ұзартылады

"Қою қызыл" аймақтарда сауда-ойын-сауық орталықтары 9 тамыздан бастап қандай режиммен жұмыс істейтіні туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгіннен бастап кейбір өңірдегі нысандардың жұмыс уақыты ұзартылады

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпараты бойынша, "қою қызыл" аймақтарда 9 тамыздан бастап "Ashyq көшбасшысы" мәртебесі бар нысандарға сағат 00.00-ге дейін, Ashyq жүйесіндегі басқа нысандарға сағат 22.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат беріліп отыр.

Бас санитар дәрігердің бұған дейінгі қаулысында Ashyq жүйесіндегі сауда-ойын-сауық орталықтары "жасыл" және "сары" аймақтарда шектеусіз жұмыс режиміне жіберілсе, "қызыл" аймақтарда сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген болатын.

Ал "қою қызыл" аймақта сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін қызмет көрсете алатыны айтылған еді. Ендігі шешім бойынша аталған нысандардың жұмыс уақыты 2 сағатқа ұзартылып отыр деген сөз.

"Қою қызыл" аймақ статусы бір апта инфекциялық төсектердің жүктелім көрсеткіші 70%-дан асқан және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары болған өңірлерге беріледі.

Источник stan.kz

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888