Нұр-Сұлтанда ер адам кешкі серуеннен үйіне кіріп бара жатқан мүгедек қызды зорлады

nұr sұltanda er adam keshki seruennen үjine kirip bara zhatқan mүgedek қyzdy zorlady 62a2ae9

Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауындағы "Мисон" тұрғын үй кешенінде ер адам мүгедек қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтанда ер адам кешкі серуеннен үйіне кіріп бара жатқан мүгедек қызды зорлады

Желіде оқиға куәгерлері түсірген видео тарады. Олардың айтуынша, 40-50 жас шамасындағы ер адам тұрғын үй кіреберісінде мүгедек қызды зорлаған.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бұған қатысты түсініктеме берді.

“8 тамыз сағат 20.42-де "102" нөміріне тұрғын үй кіреберісінде қыз зорланғаны туралы ақпарат түсті. 29 жастағы қыз тұрғын үй ауласында серуендегеннен кейін кіреберіске кірген. Сол кезде екінші қабатта оны белгісіз ер адам зорлаған", – делінген хабарламада.

Полиция қылмыс жасады деген күдікпен 47 жастағы ер адамды сол арада ұстаған.

Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от АСТАНА | НУРСУЛТАН ???? (@kris.p.astana)

 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: