«Бұл олимпиада біздің мемлекет ретінде өлгенімізді көрсетті»: Қуат Хамитов Олимпиададағы Қазақстанның сәтсіздігі туралы пікір білдірді

bұl olimpiada bizdiң memleket retinde өlgenimizdi kөrsetti Қuat hamitov olimpiadadaғy Қazaқstannyң sәtsizdigi turaly pikir bildirdi d877a96

Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындарындағы көрсеткіші туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бұл олимпиада біздің мемлекет ретінде өлгенімізді көрсетті": Қуат Хамитов Олимпиададағы Қазақстанның сәтсіздігі туралы пікір білдірді

Файтердің айтуынша, елде бүкіл жүйе өзгеріп, спортқа ерекше көңіл бөлінуі керек. 

"Бұл олимпиада біздің мемлекет ретінде өлгенімізді көрсетті. Бұл масқара! Неге, өйткені барлық дамыған елдер жыл сайын дамып, жақсарып келеді, ал біз жыл өткен сайын нашарлап бара жатырмыз. Елде даму жоқ, тіпті спортта! Мен бәрі осылай болғаны үшін қуаныштымын, себебі осыған жеткізген өзіміз. Ешкім жұмыс жасағысы келмейді. Барлығы қағаз жүзінде тез дайын болып, есеп беріп құтылсам деп қана ойлайды. Легионерлерді әкеледі, жергілікті спортшыларға мал сияқты қарайды, футбол және тағы қаншама қажет емес салаға ақша жұмсайды. Барлығы біз автономиялық республикада өмір сүріп жатқандай жасалады", – деп жазды спортшы. 

"Ескі жүйенің бәрін құрту керек деп ойлаймын. Бұрын спорт мәселелерімен айналысқандардың бәрін алып тастап, қайтадан бастау керек. Барлық кәрілерді орнынан босатып, жастарға мүмкіндік беру керек. Спорт министрлігін туризм мен мәдениеттен жеке бөліп алу керек. Қаржылық жағдайдың барлығын бақылауға алған дұрыс. Бүгін біз бүтін ел ретінде бүкіл әлемнің алдында масқара болдық! Көршілер бетімізге қарап ашық күледі. Бұған біз ұлт ретінде дәрменсіз қарап отырудан басқа амалымыз жоқ. Қашан бәріміз жиналып, жеке бастың пайдасы үшіні емес, бір елдің игілігі үшін жұмыс жасай бастаймыз!? Үлкендеріміз қайда, патриоттар қайда!? Оянатын уақыт келді!", – деп жазды Қуат Найман Instagram парақшасында. 

  • Келесі Олимпиада ойындары қашан және қай қалада өтеді
  • Токио Олимпиадасы аяқталды: Қазақстан қай орынға жайғасты?

Айта кетсек, Токио Олимпиадасы Қазақстан тарихындағы ең төменгі нәтиже көрсеткен байрақты бәсеке болды. 1996 жылдан бері қазақ спортшылары жазғы олимпиададан кем дегенде бір алтын медальсыз қайтпаған. 

Қазақстан құрамасы үшін ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарында 8 қола медаль алды. 

Олар:

Дзюдо – Елдос Сметов 
Ауыр атлетика – Игорь Сон және Зульфия Чиншанло
Бокс – Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов
Еркін күрес – Нұрислам Санаев
Каратэ – Дархан Асаділов
Каратэ – Софья Берульцева

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: