Қазақстанда «қою қызыл» аймаққа кірген өңірлердегі бизнес нысандардың жұмыс істеу тәртібі өзгерді

azaқstanda қoju қyzyl ajmaққa kirgen өңirlerdegi biznes nysandardyң zhұmys isteu tәrtibi өzgerdi b9890b4

Қазақстанда “қою қызыл" аймақтағы кәсіпкерлік нысандардың жұмыс уақыты 9 тамыздан бастап өзгертіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанда "қою қызыл" аймаққа кірген өңірлердегі бизнес нысандардың жұмыс істеу тәртібі өзгерді

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлім етті. 

Комитеттің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "Кәсіпкерлік объектілерінде Ashyқ жобасын іске асыру туралы" соңғы 33-қаулысында "қою қызыл" аймақтардағы "Ashyq лидерлері" мәртебесі бар нысандар 9 тамыздан бастап сағат 00:00 -ге дейін, басқа Ashyq қатысушылары – 22:00 -ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Бұған дейін  "қою қызыл" аймақтағы "Ashyq лидерлері" мәртебесі бар нысандар жұмыс күндері тек 20:00 -ге дейін жұмыс істеген.

Бұл аймақтарға бес қала кіреді – Нұр -Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды. Аймақтардың санитарлық дәрігерлері жобаға қатысушыларға қатысты карантиндік шараларды күшейте алмайды.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сауда және ойын -сауық орталығын қоса алғанда, Ashyq қосымшасы арқылы жұмыс істейтін барлық нысандардың жұмысы ұзартылғанын растады. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: