«Марат Омаровтың сүйіктісімін»: Шымкентте адам өлтірген әйелдің әншіге қандай қатысы бар

Шымкентте осы жылдың сәуір айында кездейсоқ танысудың салдарынан әйел ада мерт болды. Сотталушыға екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Сонымен бірге, алдын ала тергеу барысында танымал қазақстандық әнші және композитор Марат Омаровтың есімі күтпеген жерден қылмысқа қатысты айтылды.

Кісі өліміне күдікті өзін әншінің сүйіктісімін деп таныстырғаны белгілі болды. Оған дәлел ретінде әйел тергеушілерге әншінің концертінен фотосуреттерді көрсетті. Омаров үшін бұл жаңалық нағыз шок болды. Ол сотталушы оған мүлдем таныс емес екенін мәлімдеді.

«Оның аты да, тегі де маған ештеңе айтпайды. Қазір танымал адамдарды қандай-да бір жолмен тарту үшін мұндай жалған ақпарат таратылып жатыр. Егер солай болса, менің адвокаттарым жұмыс істесін», – дейді композитор.