Таразда тұтқындалушы полицейлердің көз алдында қашып кетті (видео)

tarazda tұtқyndalushy policejlerdiң kөz aldynda қashyp ketti video baa051a

Таразда тұтқындалушы полицейлердің көз алдында қашып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Таразда тұтқындалушы полицейлердің көз алдында қашып кетті (видео)

Тұтқындалушының қашқан сәті бейнежазба құрылғысына түсіп қалған. Кейін бұл жазба әлеуметтік желілерде жылдам тарап кеткен. Видеодан тұтқынның әйел адаммен құшақтасып тұрғанын көруге болады. Олардың жанында ішінде полиция қызметкерлері отырған қызметтік көлік тұрған. Ер адам оңтайлы сәтті пайдаланып, тез арада құбыр арқылы тікенек сыммен қоршалған қоршаудан асып өтіп, қашып кеткен. Полицейлер оны дереу ұстауға тырысқанымен уыстан шығарып алған.

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от @kris_p_kz +21 | ??Kz (@kris_p_kz)

Кейін белгілі болғандай, қылмыскер із жасырып үлгерген. Алайда, кейінірек әлеуметтік желілерде тағы бір бейнежазба тарады. Онда бұдан алдын қашып кеткен сотталушыны тәртіп сақшылары ұстағаны туралы айтылады.

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от @kris.p.taraz +21TARAZ???? (@kris.p.taraz)

Жамбыл облысының полиция департаменті тұтқынның қашып кеткені туралы ақпаратты растады. Қашып кеткен ер адамның ұсталғаны хабарланды. Департамент толығырақ ақпаратты сәл кейінірек беруге уәде берді.  

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: