Тұрсын Алагөзов: Егер балаларым менімен сөйлеспесе, ол үшін мен кінәлі емеспін

tұrsyn alagөzov eger balalarym menimen sөjlespese ol үshin men kinәli emespin de44418

Баян Мақсатқызының жолдасы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бірінші некесімен қазіргі ара қатынасын айтты. Кәсіпкер ұл-қызымен араласпайды. Тіпті қызының тойына шақырту алмаған. Ал ұлымен мүлде байланысы жоқ. 

Тұрсын Алагөзов: Егер балаларым менімен сөйлеспесе, ол үшін мен кінәлі емеспін

Бұл туралы 100 сұхбат бағдарламасында айтылды.

Тұрсын Алагөзов бірінші отбасымен мүлде араласпайды. Бірнеше жыл бұрын өз отбасынан кетіп, Баянмен бас қосқан шақта кәсіпкер бірінші отбасымен сотқа дейін барды. Ұл-қызы әкесінен сырт айналды. Кәсіпкер қызымен суық сөйлескенімен, ұлының тілін таба алмағанын айтады. Тіпті қызының тойына шақырту алмаған екен. 

“Мені қызым тойына шақырмады. Инстаграмнан қайда, не істеп жүргенін қарап отырамын. Аздап сөйлесеміз. Жағдайын біліп тұрамын. Ал ұлыммен мүлде сөйлеспеймін. Бұлай болғанына мен кінәлі емеспін. Мен әкелік парызымды баяғыда өтеген адаммын. 250 пайызға өтедім десем де болады. Олар қазір жас Олар мені түсінбейді. Қызым шетелде тұрады. Күйеу балам карантинге байланысты жалғыз өзі ғана Алматыға келді. Осында некелесті. Оның бәрін қызымның парақшасынан біліп отырмын. Мені тойға шақырған жоқ. Әрине, мен оған ренжідім. Бірақ жүрекке алмаймын. Солай-ақ болсын дедім”, – деді Алагөзов.

Әкесінің айтуынша, ұл-қызы 12 жасынан бастап Ұлыбританияға оқуға аттанған. Сол жақтан мектепті бітіріп, оқуға түскен. Олардың оқу ақысын қамтамасыз етіп отырдым дейді әкесі. 

“Байлар балалары 7 жасқа толғанда интернатқа береді. Сол жақтан олар есейіп шығады. Еркелікті қойып, өмірге үйрене бастайды. Солай тәрбиелейді. Біз де балаларды 12 жасынан бастап шетелге жібердік. Ұшаққа отырғыздық та, дұғасын оқып аттандырдық. Содан бері олар шетелде. Олармен анасы айналысты. Мен тек ақшамен қамтамасыз еттім”, – деді кәсіпкер. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: