Баян Алагөзова: Өмірімде кір жуғыш машинаны қосып көрген емеспін

bajan alagөzova Өmirimde kir zhuғysh mashinany қosyp kөrgen emespin fed8ed7

Баян Алагөзова үй шаруасымен айналысқанды ұнатпайды. Ешқашан кір жуғыш машинаны қосып көрмеген. Оның қалай жұмыс істейтінін білмейді. Бала күнінде үй шаруасын мезі болған ол үй шаруасынан миллион ақша тапқанды жеңіл санайды. 

Баян Алагөзова: Өмірімде кір жуғыш машинаны қосып көрген емеспін

Бұл туралы ол 100 сұхбат бағдарламасында айтты. 

Баян Мақсатқызы бала күнінде үй шаруасымен өзі айналысқанын айтады. Әпкесі мен сіңлісі емес, жалғыз өзі үй жұмысын атқарған. Сондықтан қазір мүлде ас үйге жолағысы жоқ. 

“Мен ешқашан кір жуғыш машинаны қосып көрмеппін. Басқа да құралдардың қалай жұмыс істейтінін білмеймін. Маған үй шаруасы мүлде ұнамайды. Үйімде көмекшіміз бар. Бәрін сол атқарады. Бала кезімде бәрін істеп болдым. Мен жалғыз өзім үй шаруасына міндеттелген едім. 6-сынып оқып жүргенде Бағым екеумізді анам ремонт жасауға мәжбүрлейтін. 6-сыныпта ауыр жұмыстарды атқардық. Сондықтан кейін жұмыс істеп ақша табамын, бірақ үй шаруасын істемеймін деп уәде бергенмін. Маған үй шаруасын жасағаннан ақша тапқан оңай. Ас үйде тамақ жасайтын адамды тапқан оңай”, – деді ол. 

Баян Мақсатқызының үйіне анасы, қайын атасы Тұрым Алагөзов пен қайын інісі жиі келеді. Олармен бірден тіл табысып кеткен продюсер сағаттап сөйлесуға бар.

“Тұрсынның әкесі мен інісі өте жақсы адамдар. Олар шығармашылық адамдар. Сондықтан ба біз тез тіл табыстық. Қайын атам маған әңгіме айтқанды жақсы көреді. “Сен тыңдай аласың” дейді. Ол кісінің әңгімесін мен жақсы тыңдаймын. Күнделікті таңғы асқа келеді. Бірақ бәрін күтушіміз дайындайды”, – деді продюсер.

Ал 250 шаршы метрлік үйлері үш бөлмеден ғана тұрады.

“Үйге Бағым келеді, достарымыз келеді. Туыстарымыз келеді. Енем келеді. Бәріміз отырып әңгіме айтып, шемішке шағамыз. Бізге кең бөлме ұнайды. 250 шаршы метр үш бөлмеден ғана тұрады. Арнайы спортпен айналысатын бөлмем бар”, – деді кәсіпкер. 

Тұрсын Алагөзов: Мен Баянды сүйіп қалдым, онсыз өмір сүре алмайтынымды білген соң бәрінен бас тарттым

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: