Алакөлде гидроцикл мінген әйел ер азаматты қағып өлтірді

alakөlde gidrocikl mingen әjel er azamatty қaғyp өltirdi 6c93705

Шығыс Қазақстан облысында Алакөл демалыс орнында гидроцикл үрлемелі матрасқа соғылып, салдарынан 40 жастағы азамат көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алакөлде гидроцикл мінген әйел ер азаматты қағып өлтірді

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 8 тамыз күні болған. 27 жастағы әйел қауіпсіздік ережесін бұзып, рульді басқара алмай гидроциклмен адамды қаққан. 

“40 жастағы семейлік азамат сол жерде бірден жантәсілім етті. Оның 11 жастағы қызы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Үржар аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады”, – делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі таңда іс бойынша сараптамалар тағайындалған.

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от @kris_p_kz +21 | ??Kz (@kris_p_kz)

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: