Қырғызстанның экс-президенті халқынан кешірім сұрады

yrғyzstannyң eks prezidenti halқynan keshirim sұrady c6d4795

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаев "Құмтөр" жобасын іске асыру кезінде жіберген қателіктері үшін халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстан басылымына сілтеме жасап.

Қырғызстанның экс-президенті халқынан кешірім сұрады

Бұрынғы президенттің айтуынша, 1992 жылы "Құмтөр" бойынша келісімге қол қойылған күннен бастап қырғыз тарапы ұлттық мүдделерді ысырып қойып, көп жеңілдік жасаған.

"Мен жіберген қателерім үшін шын жүректен кешірім сұраймын. "Құмтөр" жобасы бойынша қырғыз халқының үмітін ақтамадым. Үкімет тарапынан тиісті бақылаудың жоғы канадалық инвесторларға кенішті толық бақылауға алуға мүмкіндік берді. Бұл оларға зор пайда әкелгенімен, Қырғызстан үшін мардымсыз дивидендтер мен экологиялық проблемалардың жылдан жылға өсуіне әкелді", – деді Ақаев. 

  • Қырғызстанның экс-президенттері Ақаев пен Бакиевке іздеу жарияланды
  • Қырғызстан президенттерінің отставкасында тылсым заңдылық байқалды

Айта кетсек, бұған дейін Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке ұшып келгенін айтқан болатынбыз. 

Ел билігі Ақаевты 1992 жылы "Құмтор" жобасы бойынша бас келісімді бекіту кезінде сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыптады.

2005 жылдың наурызында болған төңкерістен кейін Ақаев Мәскеуге кетіп, сонда жұмыс істеді. Бұрынғы президент содан бері өз елінде болмаған еді. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: