«Бақытты әйелдерді өлтіргім келді»: Токиода метро жолаушыларына шабуыл жасалды

baқytty әjelderdi өltirgim keldi tokioda metro zholaushylaryna shabuyl zhasaldy 65113e6

Токио метросында ер адам пышақпен жолаушыларға шабуыл жасады. Нәтижесінде 10 адам зардап шекті. Күдікті ұсталды. Ол бұл әрекетін әйелдерге деген жеккөрушіліктен туындады деп түсіндірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC сайтына сілтеме жасап. 

"Бақытты әйелдерді өлтіргім келді": Токиода метро жолаушыларына шабуыл жасалды

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендердің бірі студент болған. Ол ауыр жарақат алған көрінеді. Тағы тоғыз адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаларға жеткізілді.

Жапондық Sankei газеті 36 жастағы күдіктінің полицияға: "Мен алты жыл бұрын бақытты көрінетін әйелдерді өлтіргім келетінін сездім. Кім болғанына қарамастан көп адамды өлтіргім келді” деп айтқан. 

Ер адам жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20:40 шамасында Токио батысындағы Сейджогакуэн станциясының жанында пойыз жолаушыларына шабуыл жасаған. 

Куәгерлердің бірі NRK телеарнасына адамдар кенеттен бір вагоннан екінші вагонға жүгіріп, оның жанынан қашуға тырысқанын айтқан. 

Телеарнаның хабарлауынша, ер адам май мен оттық дайындап, вагонда өрт шығармақ болған. 

Метро жүргізушісі жолаушылар вагонынан шыққан шуды естіп, шұғыл тоқтаған. Осыдан кейін шабуылдаған ер адам қашып кеткен.

Кейін ер адам дүкенге кіріп, қызметкерлерге жаңалықтарда айтқан күдікті өзі екенін және жасырынудан шаршағанын айтқан. Дүкен қызметкері киіміндегі қан дақтарын көріп, полиция шақырған.

Сенбі күні таңертең тәртіп сақшылары 30-40 жас аралығындағы ер адамды ұстағанын растады. Бірақ ешқандай қосымша мәлімет берген жоқ.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: