АҚШ-та ұшақ үйге соғылды (видео)

Американың Миннесота штатында Mooney M20 бір моторлы ұшағы құлап, үйге соғылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CBS Minneso телеарнасына сілтеме жасап. 

АҚШ-та ұшақ үйге соғылды (видео)

Оқиға 7 тамыз кешке Виктория қаласында болды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бірнеше адам көз жұмды. 

Желіде оқиға орнында түсірілген жантүршігерлік кадрлар тарады. Видеодан ұшақтың құлағаннан кейін лезде жанып кеткені көрінеді.

Азаматтық авиация федералды басқармасының ақпаратынша, ұшақ Алегзандриядағы әуежайдан ұшып шығып, Иден-Прери қаласына бет алған.

Бірнеше адамның қаза болғаны туралы ақпаратты Карвер округі шерифінің кеңсесі растады. Алайда мерт болғандардың саны нақтыланбаған.

Көліктегі қауіпсіздік ұлттық кеңесі тергеу жүргізіп жатыр, оған азаматтық авиация федералды басқармасы көмектеседі.

 

 

Источник stan.kz

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888