Өзбекстанның барлық өңірінде балабақша-автобустар пайлануға берілмек

zbekstannyң barlyқ өңirinde balabaқsha avtobustar pajlanuғa berilmek 0dd2ddb

Өзбекстанның астанасы Ташкенттен басқа барлық өңірлерінде 2021-2022 оқу жылынан бастап мобильді топтар базасында мектепке дейінгі білім беру қызметтерін көрсету жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстанның барлық өңірінде балабақша-автобустар пайлануға берілмек

3 тамызда үкімет осындай жарлық қабылдады. Құжатта мектепке дейінгі білім беру ісімен айналысатын шұғыл топ ұйымдастыру туралы айтылған.

Мұндай топтар арнайы техника – барлық талапқа сай заманауи автобус базасында ұйымдастырылады.

Мектепке дейінгі білім министрлігінің хабарлауынша, балабақшаға айналатын ISUZU HC 40 автобустарында күннен қуат алатын батарея, желдеткіш, әжетхана, ыстық және суық су жүйесі, тамақ жылытуға арналған асхана болады.

Бір топта 30-ға жуық бала оқиды. Сабақ үш сағатқа созылады.

Шұғыл топ күніне үш ауысымда, аптасына алты күн жұмыс істеуі мүмкін.

Олар оқу жылын 2 қыркүйекте бастап, келесі жылы 31 мамырда аяқтайды.

Мемлекеттің мектепке дейінгі білім беру қызметі халыққа тегін ұсынылады.

Министрлік мәліметінше, былтыр өңірлерде 49 балабақша-автобус жұмыс істеген. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: