Қарағандыда 500 адамға той жасаған шенеуніктің басы дауға қалды

Қарағанды облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мақсұтов мейрамханалардың бірінде 500 адамға той жасаған. Ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қарағандыда 500 адамға той жасаған шенеуніктің басы дауға қалды

Қарағанды облысы әкімдігі бұл фактіні растады, шенеунік жазаланатынын атап өтті.

"Мемлекеттік қызметкерге қатысты арнайы тексеріс тағайындалады, карантиндік шектеулерді бұзу фактісі расталған жағдайда қызметінен босатуға дейін, ең қатаң шаралар қабылданады", – деді өңір әкімінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.

Ол салтанатты шара санитарлық нормалардың бұзылуына байланысты тоқтатылғанын, ұйымдастырушыларға әкімшілік айыппұл салынатынын айтты.

"Барлық азаматқа індеттің өршуіне байланысты санитарлық талаптарды сақтау қажет екенін ескертеміз. Жауапты мемлекеттік органдар мәртебесіне немесе жұмыс орнына қарамастан, заңбұзушылықтардың жолын кесу үшін қатаң шаралар қабылдайды", – деді баспасөз хатшысы.

Источник stan.kz

Бүгінгі жаңалықтар