Kaspi арқылы беташар ұйымдастырған: Қалыңдық фатасындағы QR-код қазақстандықтардың ызасына тиді

kaspi arқyly betashar ұjymdastyrғan Қalyңdyқ fatasyndaғy qr kod қazaқstandyқtardyң yzasyna tidi d3943d7

Қазақстандықтар арасында желіде үйлену тойында түсірілген видео қызу талқылануда. Онда қалыңдық фатасына Kaspi арқылы ақша аудару үшін QR-код жапсырылғанын көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Kaspi арқылы беташар ұйымдастырған: Қалыңдық фатасындағы QR-код қазақстандықтардың ызасына тиді

Қазақ халқында келін түсіргенде жасайтын салт-дәстүрдің бірі – беташар. Үйлену тойы кезінде жаңа түскен келінге ата-енесін, басқа да туыстарын таныстырады. Келін иіліп, оларға сәлем салады. Тойға жиналғандар сый-сыяпат ретінде ақша қалдырады.

Негізінде үйлену тойында беташар болғанда қалыңдық алдына ақша салынатын табақ қойылады. 

Видеодан той ұйымдастырушыларының туысқандарға қолма-қол ақшаның орнына Kaspi арқылы ақша аудару мүмкіндігін ұсынғанын көруге болады. QR-код та қалыңдықтың фатасына жапсырылған.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі бұл салт-дәстүрді қорлау десе, енді бірі мұны ыңғайлы деп санайды, өйткені қазір көбі қалтасында ақша ұстамайды.

«Дұрыс емес, жаңа түскен ақ келіннің тазалығына, арына бір ақшамен санасқандай көрінеді. Ақ орамалына жабыстырып не мазақ? Тәрбиесіздік пен топастық. Салтымыз ақшамен тең болғандай», – деп жазды Алматы мәслихатының депутаты, блогер Қайрат Құдайбергеновтің жазылушыларының бірі.

«Кім нені қорлады?! Бәрі заманауи, каспий қолданатынымыз өтірік емес, қайта креативті болған, сонша жаман ойшыл болмайықшы», – дейді тағы бір қолданушы.

 

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Қайрат Құдайберген (@kudaibergen_kairat)

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: