«Көлдің деңгейін ұстау үшін Қытай үлкен маңызға ие»: Балқаш Арал тағдырын қайталай ма?

kөldiң deңgejin ұstau үshin Қytaj үlken maңyzғa ie balқash aral taғdyryn қajtalaj ma 3df196e

Балқаш көлі Аралдың тағдырын қайталауы мүмкін бе? Бұл сұраққа экологтар мен қоғам белсенділері жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24 kz телеарнасына сілтеме жасап. 

"Көлдің деңгейін ұстау үшін Қытай үлкен маңызға ие": Балқаш Арал тағдырын қайталай ма?

Алматыда экология министрлігі ұйымдастырған онлайн басқосуда ғалымдар, қоғам белсенділері мен жергілікті билік өкілдері Балқашдың жағдайы туралы мәселе қозғады. 

Балқаш көлі Каспи мен Аралдан кейінгі ірі су айлағы саналады. 18 мың шаршы шақырым аумаққа жайылған көлдің Жетісудың ауа райы мен экологиясы үшін орны орасан.

Сондықтан да Балқаш көлінің болашағы адамдарды бүгіннен алаңдатып отыр.

Өйткені, өңірдегі су ресурстарының азаюы аталған көл үшін өте қауіпті. Көл деңгейінің өзгеруі бірінші рет емес, өткен ғасырдың 70-80 жылдары да құбылыстар байқалған.

  • Балқаш көлі Арал тағдырын қайталауы мүмкін – шетелдік сарапшылар
  • Қазақстандағы ең ластанған қалалар тізімі анықталды

“Бізде 70-80 пайыз суармалы егіншілікте пайдаланамыз аймақта, егер осы салада тиімділікті өсіретін болсақ дәл осы пайдаланып отырған алқаптарды қысқартпай ақ біз сол суларды 30-40 процентке үнемдеуге мүмкіндігіміз бар. Басты мақсат әрине экологиялық маңызды бізге Балқаш көлінің онымен бірге Іле өзенінің атырауын жалпы сақтау, табиғи жүйені сақтау, оның экологиялық функциясына сақтау”,- дейді география және су қауіпсіздігі институты басқарма төрағасының орынбасары Саят Әлімқұлов. 

Экология министрлігі отандық ғылыми мекемелермен бірлесе отырып, Балқаш көлінің деңгейін көтеру, тұрақтандыру бағдарламасын жасауда. Басты мақсат Іле өзенін тиімді пайдалану, өзеннің бастауына иелік ететін Қытай елімен бірлескен келісімшарт жасау туралы айтылды. Оған қоса көлдің деңгейі терең зерттеуді талап етеді.

“Біздің көлдің деңгейін қалыпта ұстау үшін Қытай елі үлкен маңызға ие. Сондықтан көрші елмен трансшекаралық аймақ мәселесі талқыланып, үлкен нәтижеге жеттік. Қытай үкіметі Балқаш көлінің экологияға әсері жоғары екенін мойындады. Олар да шекараға жақын аумақта экологиялық апат болғанын қаламайды”,- деді экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Серік Қожаниязов.

Трансшекаралық аймақтағы суды бөлісу мәселесі алты жылдан бері айтылып келеді. Өйткені, Іле өзені арқылы келетін су деңгейін тұрақтандыру Балқаш көлін сақтап қалудың бір жолы. Сондықтан келісімшарт бірінші қарекет болмақ. Сондай-ақ, ауылшаруашылығына қажетті суды тиімді пайдалану мәселесі кейінге қалдырылмауы тиіс.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: