Сағынтаев Алматының екі миллионыншы тұрғыны кім екенін айтты

saғyntaev almatynyң eki millionynshy tұrғyny kim ekenin ajtty f730f96

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың екі миллионыншы тұрғынының есімін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сағынтаев Алматының екі миллионыншы тұрғыны кім екенін айтты

"Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазірдің өзінде қазақстандықтар 19 миллионға жетті. Ал Алматы халқының саны екі миллионнан асты!

Аяла Жамбыл екі миллионыншы тұрғын атанды. Ол полиция қызметкері Бейбіт Әбілдаев пен балабақша тәрбиешісі Әлия Жәнібекованың отбасындағы алтыншы қыз. Денсаулық, амандық пен бақыт тілеймін!", – деп жазды өңір әкімі Facebook желісіндегі парақшасында. 

Алматыдағы миллионыншы адам КСРО кезеңінде туған, яғни 1981 жылдың 19 желтоқсанында өмірге келген. Ол – Бауыржан Қадірсізов есімді қала тұрғыны. 

Айта кетсек, Алматы халқының саны екі миллионнан асқан болатын.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: