Қазақстан Түркияға өрт сөндіретін екі арнайы тікұшақ пен 16 құтқарушы жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.
"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР төтенше жағдайлар министрлігі суағар құрылғылары бар "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Ми-8 АМТ екі тікұшағын және құрамында 16 құтқарушы бар жедел тобын орман өрттерін сөндіруге көмек көрсету үшін Түркия Республикасына жіберді", – деді Талғат Уәли.
Қазақстандық тікұшақтар бүгін ұшып шықты және үш мемлекетте аялдап, олардың шекарасы арқылы Түркияның Мұғла қаласына жетеді. Жедел топты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында ҚР ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев шығарып салды.