Шенеуніктер: Алматыда сәбіз бен картоп қымбаттамайды

sheneunikter almatyda sәbiz ben kartop қymbattamajdy dd7aff8

Алматы әкімдігі әзірге қалалықтар картоп пен сәбіздің бағасы жақын арада қайта шарықтап кетеді деп алаңдамай-ақ қойса болады дейді. Бағаны тұрақтандыру қорынан бөлінген ақшаның арқасында "Алтын Орда" да картоптың көтерме бағасы келісіне 110-120 теңге, сауда орталықтарында 150 мен 180 теңгеден аспайды деп отыр. Бірақ, бұл баға сауда орталықтарында өнімнің жартылай шіріген, солып қалған түрлеріне ғана қойылыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеп хабарлайды. 

Шенеуніктер: Алматыда сәбіз бен картоп қымбаттамайды

“Бізде осы жылы өсімдік закладка бағдарламасы бойынша 22 мың тонна көкөніс форворттық келісім-шартпен сатып алынып отыр. Бұл өнім төмендетілген бағамен 1 қыркүйек пен 1 мамырға дейін сатылды”, – дейді Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестиция басқарма басшысының орынбасары Дамир Тазабек. 

Яғни, мамырдан кейін нарықтағы бағаның қалай құбылатыны әзірге білгесіз. Қоғам белсендісі Азаматхан Әміртай, жергілікті әкімдік бағаны ұстап тұру үшін тұрақтандыру қорынан қарастырылған қаражатты таңдаулы белгілі бір сауда орталықтарына ғана бөліп, ақшаны дұрыс игермейді дейді. Ал нарықтағы тауардың 85 пайызы импорттық екенін ескерсек, ортадағы делдалдар өнім бағасын түрлі себептермен қымбаттата беретінін айтады. Ал импорт ауылшаруашылық саласына ақша құймай азаймайды. Оның үстіне "ҚазАгро" мен "Бәйтерек"  холдингілері біріккеннен кейін, қаржылық қолдау тоқтап қалды деп отыр сарапшы. 

“Қазір ауылшаруашылық компанияларда, агрокредиттік корпорацияда да ақша жоқ. Кемінде 500 миллиард теңгені Қазагро кредиттік корпорациясы күтіп отыр сол ақшаны. Өйткені, онсыз білесіз бе біз ауылшаруашылық саласын банкроттық жағдайға жеткіземіз”,  – дейді саясаттанушы Азаматхан Әміртаев.  
 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: