50 жастағы ер адам өз жасыннан қалай екі есе жас көрінудің сырын ашты

50 жастағы британдық өзінің жасынан екі есе жас көрінеді. Ол ел ағасы жаста қалай жас жігіттей көрінуінің құпиясын ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

50 жастағы ер адам өз жасыннан қалай екі есе жас көрінудің сырын ашты

Лондон тұрғыны Тристан Ли жасын растау үшін үнемі өзімен бірге төлқұжатын алып жүруге мәжбүр екенін айтты. Алғаш рет көрген адам ол 25 жаста немесе жасөспірім екен деп қателеседі.

Салауатты өмір салты бойынша жаттықтырушы болып жұмыс істейтін Ли 16 жасында тері күтімі бойынша кремдер мен лосьондарды үнемі қолдана бастағанын айтты. Өйткені  сепкілдерінен арылғысы келген. Содан бері сыртқы келбетке күтім жасау ол үшін күнделікті рәсімге айналды. Ол сонымен қатар косметологқа үнемі барып тұрады. 35 жыл ішінде процедураларды бес рет өткізіп жібергенін айтады.

Дегенмен, Ли өзінің жас көріну себебі, ең алдымен, салауатты өмір салтына негізделгеннен деп санайды. Ол таза ауада күнделікті жарты сағаттық серуендейді және аптасына үш рет спортзалдағы жеке жаттықтырушымен айналысады. Сонымен қатар, ол вегетариандық диетаны ұстанады және кез-келген зиянды тағамды аузына татып алмайды. 

"Ең бастысы: жақсы ұйқы, тамақтану, жаттығу, тері күтімі және стресстің болмауы", — дейді Ли.

Ол сондай-ақ бұрын көп ішкенін айтты, бірақ қазір кейде кешкі асқа бір стақан шарап ішеді. Ер адам сегіз айда бір рет ботокс инъекциясын жасап, бетіне толтырғыштар енгізгенін мойындайды. Бірақ ешқашан айтарлықтай пластикалық операциялар жасаған емес. Оған ботоксты қолдану оның сыртқы келбетін “жасанды" етеді деп айтатындарға Ли бұл құралды көптеген адамдар қолданатынын, бірақ оның жасында ешкім 25 жастағы жігіттей көрінбейтінін еске салады.

Источник stan.kz

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888