Атырауда екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы майдангері өмірден өтті

Атырауда Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы майдангері өмірден өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Атырауда екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы майдангері өмірден өтті

Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Закария Сұлтанов 1926 жылы туған. 1943 жылы соғысқа аттанып, Белоруссия майданында 143-полк құрамында жауға қарсы шайқасқа қатысқан. Соғыстағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталған. Елге 1946 жылы оралған.

"Қан майданнан аман оралып, арамызда адамдықтың асқақ үлгісін көрсетіп жүрген соғыс ардагерлерінің соңғысы еді. Өткен ғасырдағы зұлмат-соғыстан жеңімпаз болып шыққан Закария Сұлтанов ағамыз біз үшін ерліктің, қайсарлық пен отансүйгіштіктің үлгісі болып келді. Майданда алған жарақатына қарамастан бейбіт кезеңде еңбектен қол үзбей, әскери комиссариатта, ішкі істер инспекциясында абыройлы қызмет етті. Өмірінің соңына дейін Тәуелсіз елінің гүлденіп, мәңгілік ел болуын тілеп отырушы еді. Осыдан үш ай бұрын ақсақалды Жеңіс мерекесімен арнайы барып құттықтадым. Тың болатын. Ақ батасын беріп, елдің амандығын тілеп, өткен өмірі мен ғибратты әңгімесін айтты. Ғасырға жуық өмір сүрсе де, рухы асқақ асыл азаматтың адами қасиетіне тәнті болдым. Соңғы Жеңіс мерекесі деп кім ойлаған..." -деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Источник stan.kz

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888