ЕО Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы құрғақшылықтан зардап шеккендерге 200 мың еуро бөлді

eo maңғystau zhәne tүrkistan oblystaryndaғy құrғaқshylyқtan zardap shekkenderge 200 myң euro bөldi 2bd854a

Маңғыстау және Түркістан облыстарының құрғақшылықтан неғұрлым зардап шеккен аудандарында Еуропалық одақ (ЕО) гуманитарлық қаржыландыру ретінде 200 мың еуро (100 млн теңгеден астам) бөледі. 6 мыңға жуық адам көмек алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ЕО ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.

ЕО Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы құрғақшылықтан зардап шеккендерге 200 мың еуро бөлді

ЕО бөлген қаражат "құрғақшылықтың салдарынан күнкөріс пен азық-түлік көздерін жоғалтқаннан кейін күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін ақшалай қаражатты бөлу арқылы ең көп зардап шеккендерге төтенше көмек көрсетуге" арналған. Қаржыландыру Еуропалық одақтың Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары федерациясының (IFRC) апаттық көмек қорына (DREF) қосқан жалпы үлесінің бөлігі болып табылады. Шілде айының басынан бастап Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлері қатты ыстықты бастан кешірді, бұл көптеген аудандарда құрғақшылық тудырды, бұл табиғи су қоймаларының кебуіне және соның салдарынан жануарларға арналған жайылымдық жемшөп пен су ресурстарының жетіспеуіне әкелді.

"Нәтижесінде елдегі көптеген адамдар үшін өмір сүрудің негізгі көзі болып табылатын көптеген мал қырылды. Бүгінгі таңда 70 мыңнан астам адам зардап шекті, олардың көпшілігі табысы толығымен мал басына байланысты ұсақ мал өсірушілер. Зардап шеккендердің 84% – дан астамы Маңғыстау облысында", – делінген хабарламада.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: