БАҚ: Месси мансабын «ПСЖ» клубында жалғастырады

baҚ messi mansabyn pszh klubynda zhalғastyrady eafe305

"Барселона" футбол клубымен келісімшартын үзген аргентиналық футболшы Лео Месси жаңа клубқа қатысты өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ: Месси мансабын "ПСЖ" клубында жалғастырады

"Алты мәрте "Алтын доп" иегері болған аргентиналық шабуылшы Лионель Месси өз мансабын "ПСЖ" француз футбол клубында жалғастырады", – деп мәлімдеді Marca.

5 тамыз күні "Барселона" Мессимен жаңа келісімшартқа қол қоймайтынын мәлімдеген.

Испаниялық газеттің жазуынша, "ПСЖ" – Мессиді сатып алғысы келетін бәсекеге қабілетті жалғыз клуб.

Англияның "Манчестер Ситиі" футболшы үшін күрестен бас тартқан.

Айта кетейік, Месси "Барселонадан" кететіні жөнінде жарияланғаннан кейін Қазақстанның "Тұран" футбол клубы оны елімізге шақырды: "Лео Месси, сізді Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанға шақырамыз!" деп жазды клуб әлеуметтік желіде. 

Лионель Месси "Барселонада" 2000 жылдан бері ойнап келеді келеді және 2003 жылдан бері негізгі құрамда өнер көрсеткен. Ол Испания чемпионатында 10 жеңіс, Испания Кубогі мен Суперкубогінде 7 реттен, Чемпиондар Лигасында 3 рет, Еуропа Суперкубогінде және клубтық ӘЧ-де 3 рет чемпион атанған.

Месси "Барселона" сапында алтыншы "Алтын добын" алды. Ол 778 матчта 672 гол соққан команданың үздік сұрмергені және 520 матчта 474 гол соққан испан лигасының үздік сұрмергені ретінде қазірдің өзінде тарихқа есімін жазып үлгерген. Каталониялық клуб сапында 2004 жылдан, 17 жасынан бері ойнап келді.

  • Лионель Месси "Барселонадан" ресми түрде кетті
  • Қазақстандық футбол клубы Лионель Мессиге шақырту жіберді

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: