Арыста жүк вагоны өртенді: ҚТЖ төтенше жағдайдың алдын ала себебін айтты

arysta zhүk vagony өrtendi Қtzh tөtenshe zhaғdajdyң aldyn ala sebebin ajtty 125d626

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы Арыс стансасында жүк вагонынан шыққан өрттің алдын ала себебін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Арыста жүк вагоны өртенді: ҚТЖ төтенше жағдайдың алдын ала себебін айтты

"Алдын ала нұсқа бойынша жөнелтуші жүк тиеудің техникалық шарттарын бұзған. "ҚТЖ" ҰК" АҚ апаттың себебін тексеру үшін комиссия құрды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

"Қазақстанның контейнері Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жөнелтілген, одан әрі Үндістанның Нава-Шева теңіз портына   жеткізілмек", – деп түсіндірді ҚТЖ баспасөз қызметі.

ҚТЖ мәліметінше, Түркістан облысында өткел кезекшісі Түлкібас – Арыс учаскесіндегі контейнер өртеніп жатқанын байқаған. Бұл жағдай сағат 15:25-те болған.

Төтенше жағдайлар министрлігі бұған дейін хабарлағандай, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сағат 19:22 -де өрт оқшауланды.

Жақын маңдағы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. 

Теміржолда өрт: Арыс тұрғындарын тағы эвакуациялап жатыр

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: