Токио Олимпиадасына қанша қаражат жұмсалды: Ұлттық Олимпиада комитеті жауап берді

tokio olimpiadasyna қansha қarazhat zhұmsaldy Ұlttyқ olimpiada komiteti zhauap berdi 96b8e7f

Қазақстан спортшыларын Токио-2020 жазғы Олимпиада ойындарына дайындауға және алып баруға қанша қаражат бөлінді? Бұл сұраққа Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Токио Олимпиадасына қанша қаражат жұмсалды: Ұлттық Олимпиада комитеті жауап берді

“Біз Токио Олимпиадасымен қатар, Азия ойындарына да дайындалдық. Өткен жылы пандемияға байланысты 10,9 млрд теңге бөлінді. Биыл екі бірдей әлемдік додаға қатысатын болғандықтан 15,6 млрд теңге қарастырылды. Оның ішінде спортшылардың жалақысы, қажетті құрал-жабдықтар алу, медициналық көмек, жиындарды өткізу, лицензия ұтып алу сайыстарына қатысу секілді бірнеше бағыт бар.

Сондай-ақ, комитет өкілі Токио Олимпиадасы сапарына бөлінген қаржыдан 300 млн теңге үнемделгенін жеткізді.

”Токиоға Қазақстаннан үлкен көлемде делегация кетіпті деген де сыбыс тарап жатыр. Керісінше, пандемияға байланысты ұйымдастырушылар келушілердің санын шектеді. Иә, біздің комитеттің қызметкерлері бар, олар Олимпиада кезінде күні-түні еңбек етіп жатыр. Сондықтан көп адам келді дегендермен келіспеймін. Бөлінген қаражатты спортшыларға жеткізуге тырысамыз", – деді Елсияр Қанағатов ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, комитет өкілі Токио Олимпиадасы сапарына бөлінген қаржыдан 300 млн теңге үнемделгенін жеткізді.

 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: