Теміржолда өрт: Арыс тұрғындарын тағы эвакуациялап жатыр

temirzholda өrt arys tұrғyndaryn taғy evakuacijalap zhatyr b19af61

Арыста өрт түтіні тұрғындарды шошытты. Инстаграм желісінде Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жүк вагонының контейнері өртенді. Әкімдіктің мәліметінше, бүгін, 6 тамызда Арыс теміржол вокзалының автотұрағы аймағында жүк вагоны өртенді.

Теміржолда өрт: Арыс тұрғындарын тағы эвакуациялап жатыр

"Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ", – делінген хабарламада.

Сондай -ақ өзінің Facebook парақшасында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пікір білдірді.

"Бүгін Арыс станциясында кешкі алты жарым шамасында Жамбыл облысынан Ресейге бара жатқан фосфоры бар екі контейнер өртенді. Облыстың және ауданның барлық төтенше күштері жұмылдырылған. Алайда сары фосфор өте ұзақ уақыт бойы жанады және қатты түтін шығады. Жел бағыты өзгерген жағдайда, ықшам аудан тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жақын аудан тұрғындары эвакуациялануда. Барлық эвакуацияланғандар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Түнде қала мектептерінде түнейді. Жағдай бақылауда”, – деп жазды ол.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: