Бекшин: Алматыда "дельта" штамының үлесі 90 пайызға жетті

Алматыда коронавирустың "дельта" штамын жұқтырғандардың үлесі 90 пайызға жетті. Бұл туралы қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бекшин: Алматыда "дельта" штамының үлесі 90 пайызға жетті

"Қаладағы эпидемиологиялық жағдай шиеленісіп тұр. 28 шілдеден бастап тәулігіне 1500 адам вирус жұқтырғаны анықталды. Науқастардың 90 пайызы "дельта" штамын жұқтырған. Тұрғындардың тағы бір бөлігінен дәрігерлер "ұлыбританиялық" және Ухан штамдарын анықтады. Қалада коронавирустың төртінші толқыны басталды. Толқын шыңы тамыздың ортасында болады деп болжанып отыр. Халық шектеу шараларын дұрыс сақтамауынан вирус тез тарап жатыр. Халықтың көп бөлігі маска тақпайды, әлеуметтік арақашықтықты сақтамайды. Қала тұрғындарын карантинді сақтауға, вакцина салдыруға шақырамыз", - деді Бекшин.

Cондай-ақ, Алматыда Ashyq қосымшасының көмегімен "қызыл" мәртебесі бар 86 адамның рұқсат етілмеген орындарға келгені әшкереленген.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың мәліметіне сүйенсек, құқық бұзушылардың бәрі 30 АЕК (шамамен 87 мың теңге) көлемінде айыппұл төлеген.

"Тағы 86 тұрғынның "қызыл" мәртебесі бола тұра қоғамдық орындарға келгені анықталды. Олардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл төледі. Бұл жолғы ұсталғандардың ішінде карантин талаптарын екінші рет бұзған екі адам бар", - деді Сәдуақас Байғабылов.

Источник stan.kz

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888