Медициналық диплом сатып алмақ болған Алматы облысының тұрғыны алаяқтың арбауына түсті

medicinalyқ diplom satyp almaқ bolғan almaty oblysynyң tұrғyny alajaқtyң arbauyna tүsti 7284040

Алаяққа диплом жасату үшін 250 мың теңге берген Алматы облысының тұрғыны алданып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Медициналық диплом сатып алмақ болған Алматы облысының тұрғыны алаяқтың арбауына түсті

27 шілдеде Ескелді аудандық полиция бөліміне Қарабұлақ кентінің 53 жастағы тұрғынының алданғаны туралы хабарлама түсті. Ол медициналық білім бойынша диплом жасауға уәде беріп,  жалпы сомасы 250 мың теңге ақша қаражатын иемденген әйелге қатысты шаралар қабылдау туралы жазбаша өтінішпен жүгінген.

Істі өндіріске қабылдаған аға тергеуші медициналық қызметкердің атын жамылған күдіктіні тез арада ұстады. Жиналған дәлелдемелерді көрсеткеннен кейін әйел заңсыз әрекеттерін мойындаған. 

Аталған факт Қылмыстық кодекстің 190 бабының 1 бөлігі "Алаяқтық" бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бүгінде күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: