Нұрқанат Әжіқанов Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

nұrқanat Әzhiқanov olimpiadanyң zhartylaj finalyna shyғa almady 0d8dee4

Токио Олимпиадасында каратэден ерлер арасында 75 келіге дейінгі салмақта іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстандық Нұрқанат Әжіқанов өз тобынан келесі кезеңге өте алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап. 

Нұрқанат Әжіқанов Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

Нұрқанат өз тобында Аустралия, Италия спортшыларын жеңіп, Германия және Әзірбайжан каратэшілеріне есе жіберді. 

Нәтижесінде, өз тобында төртінші орын алып, жартылай финалға өте алған жоқ. 

Нұрқанат Әжіқанов сынға түскен В тобында әзірбайжандық Рафаэль Агаев пен италиялық Луиджи Буса жартылай финалға жолдама алды. 

Бұл 20 жастағы қазақстандық спортшы үшін жаман нәтиже емес. Ол өз тобында екі дүркін әлем чемпионы Луиджи Бусаны ұтып, әлемге әйгілі Рафаель Агаевтан бір ұпай айырмасымен ғана жеңілді. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: