«Біз үшін спортшылардың барлығы да нағыз чемпиондар»: Ақпарат министрі халықты олимпиадашыларды қолдауға шақырды

biz үshin sportshylardyң barlyғy da naғyz chempiondar aқparat ministri halyқty olimpiadashylardy қoldauғa shaқyrdy 959c19e

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Токио Олимпиадасында Қазақстанның намысын қорғап жүрген спортшыларды қолдап, жазба қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз үшін спортшылардың барлығы да нағыз чемпиондар": Ақпарат министрі халықты олимпиадашыларды қолдауға шақырды

“Өкінішке орай, бүгінде Токио Олимпиадасындағы кейбір спортшыларымыздың сәтсіздігіне көпшілік жағымсыз пікірлер мен тым әділетсіз сын айтып жатыр. Оның ішінде бұған дейінгі жарыстарда еліміздің атын төрткүл дүниеге танытып жүрген танымал атлеттеріміз де аты аталуда”, – дейді министр.

  • “Көрсеткіш нашар болды”: Серік Сәпиев Токио Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшылары туралы айтты
  • Спорт журналисі: Кей сарапшылардың спортшыларға айтқан сыны адамның жынын да, күлкісін де келтіреді

Өз сөзінде министр Рыпакова мен Левиттің ойындарын атап өтті. 

“2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Василий Левиттің рингтегі өнеріне бүкіл еліміз тамсанды, оған көрсетілген әділетсіздікке бірге жандары ауырды. Осы жолы Василий жеңілді, бірақ оның осы бес жыл ішінде еліміз үшін дайындалып, кезекті олимпиадалық циклден өтіп, рингке қайта шығуының өзі құрметтеуге тұрарлық шешім деп санаймын. Ольга Рыпакованың да сәтсіздігі мен оның кәсіби карьерасы аяқталды деген ақпарат көңілге тіпті қаяу түсіреді. Ольга бүкіл саналы ғұмырын отандық спорт жолына арнап, еліміздің атын талай мәрте дүбірлі додаларда асқақтатқан бірден бір жеңіл атлет. Ол 36 жасында өзінің төртінші Олимпиадасына қатысып, еліміздің намысын кезекті рет қорғауға шешім қабылдады. Олар үлкен спорттағы карьерасын аяқтағанымен алдағы уақытта өздерінің ізін басар шәкірт тәрбиелеуде үлкен еңбек етеді деп сенемін”, – деп қосты ол.

 Бұған қоса, ол бұл спортшылардың жеткен жетістіктерін ұмытпауға шақырды.

“Сондықтан қандай жағдайда да ұлы спортшыларымыздың жетістіктері мен жеңістерін біз ешқашан ұмытпауымыз керек. Қиын сәттерде қолдау көрсету арқылы ғана біз оларға сенім ұялатып, келер күндердің жеңістерінен үміт ете аламыз. Біз үшін біздің спортшылардың барлығы да нағыз чемпиондар!” – деді Балаева. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: