«Спортшының бағы мен бабы қатар шабуы керек екен»: Токио Олимпиадасының жүлдегері Сәкен Бибосынов жанкүйерлеріне жазба арнады

sportshynyң baғy men baby қatar shabuy kerek eken tokio olimpiadasynyң zhүldegeri sәken bibosynov zhankүjerlerine zhazba arnady 1091c52

Токио Олимпидасының қола жүлдегері, боксшы Сәкен Бибосынов қазақстандық жанкүйерлеріне жазба арнады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Спортшының бағы мен бабы қатар шабуы керек екен": Токио Олимпиадасының жүлдегері Сәкен Бибосынов жанкүйерлеріне жазба арнады

“Әне міне дегенше әлем назарын өзіне қаратқан Олимпиада ойындарыда мен үшін аяқталды. Алға қойған басты мақсатым Токио төрінде қазақтың әнұранын шырқатып, көк туын желбірету еді. Алайда бұл жолы сәті түспеген екен. Шаршы алаңға шыққан спортшының бағы мен бабы келісіп, қатар шабуы керек. Бақтың не баптың кем болып тұрғаны ғой. Әйтсе де қоржынымызға бір қола медальді салу бұйырған екен бағыма”, – деп жазды боксшы.

  • 13 жасында Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келген: Токио Олимпиадасында жүлдеге үмітті Сәкен Бибосынов туралы не білеміз
  • "Халқымнан кешірім сұраймын, барымды салдым": Сәкен Бибосынов бүгінгі кездесуді қорытындылады

Боксшы барша жанкүйерлеріне алғысын жаудырды. 

"Батыр қайнауда шынығады" дегендей жеңіске деген талпынысыма тыныс берер сайыс болды. Бұл да бір жеңіс, менің арман-мақсатыма жетудегі бір баспалдағым. Жеңісті күндер әлі де алда. Үмітті үзбеймін. Келер сайыстарда ел арқалаған үкілеген үмітті ақтарыма сенемін. Маған сеніп, мен шаршы алаңға шыққан кезде жанкүйер болған, мен үшін дұғада болған әрбір жанға басымды иіп, рақметімді айтамын!” – деді Бибосынов. 

Еске салсақ, бұған дейін Сәкен Бибосынов Токио Олимпиада ойындарында қола медальға ие болғаны айтылған еді. Ұлыбританиялық қарсыласы Джалал Яфайдан жеңілген ол төрешінің қорытындысынан кейін жылап жіберді. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: