Спорт журналисі: Кей сарапшылардың спортшыларға айтқан сыны адамның жынын да, күлкісін де келтіреді

sport zhurnalisi kej sarapshylardyң sportshylarғa ajtқan syny adamnyң zhynyn da kүlkisin de keltiredi 184c743

Спорт комментаторы, журналист Есей Жеңісұлы Токио олимпиадасында спортшыларды сынға алғандарға қарсы шықты. Сын айтудың оңай екенін айта келе, көпшілікті себепсіз даурықпауға шақырды.

Спорт журналисі: Кей сарапшылардың спортшыларға айтқан сыны адамның жынын да, күлкісін де келтіреді

“Спорт журналистикасында жүргенімізге ширек ғасырға жуықтапты. Білетініміз – бір тоғыз, білмейтініміз – тоқсан тоғыз. Бірақ ірі спорттық ойындар кезінде күллі қазақ сарапшы болып кетеді. "Ойпырмай, неткен-неткен!.." деп бас шайқайсың. Кей пікірі адамның жынын да, күлкісін де келтіретінін сезбейді-ау сол сарапшылар…

"Министр орнынан кетсін" дейді. Осы уақытқа дейін спорттың қай министрлікке қарайтынын білмеуі де мүмкін. Мәселеге терең үңілу керек.

Қазақстан спортының бұл күйі неден? Сәтсіздік алғышарты неде? Бокс неге алғаш рет алтын түгіл, күміссіз қалды? Балуан елміз дейміз, неге классиктер алғашқы айналымнан аса алмайды? Қарсыластар неге мықты? Олардың жаттығу үлгісінде қандай артықшылық пен ерекшелік бар? Әрине, мұның бәрі қарапайым жанкүйер айналысатын шаруа емес. Бірақ бір пікір айтпас бұрын, даурықпас үшін аз да болса дайындық керек. Даурықпа сөзден білімсіздік қана көзге ұрады. Алты қоламыз бар. Аз, әрине. Бірақ біздің спортқа осындай бір шок керек. Бәріміз ойлану үшін”, – деді журналист.

  • Қазақстандық бапкер Өзбекстанға Токио Олимпиадасында "алтын" алып берді
  • "Мен өте ризамын": Зілтемірші Зүлфия Чиншанло жеңісі жайлы айтты
  • Токио Олимпиадасының жүлдегері: Ақшамның бәрін мүгедек інімнің еміне жұмсаймын

Айтуынша, бұл қазақ спортының дамуы үшін керек жағдай. Осындай шоктан кейін ғана, көп болып спортқа алаңдай бастаймыз. 

“Мүмкін, осы сәтсіздіктен кейін перзентіңізді спортқа берерсіз. Ол жеңсе де, жеңілсе де – ешнәрсе оңай болмайтынын сезінерсіз.Спортшыларды жерлемес бұрын, министрді отставкаға итермелемес бұрын ойланайық: осы ел үшін өзіміз не істедік? Не бітірдік? Спортшылардан соңғы нәтижені бәріміз талап етеміз, ал бізден біреу талап ете ме? Талап етпейді. Сондықтан да сіз – сарапшысыз, білгірсіз, талапшысыз.

Таразы үстінде тұрған жоқсыз. Артықшылығыңыз сол ғана. Бірақ ол артықшылық емес. Кембағалдық деуге болмас, бірақ жақсы нәрсе емес бәрібір”, – деп жазды Есей Жеңісұлы.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: