«Тынысым тарылып, тұншыққан кезде сені ойладым»: Қарақат қызына жантебірентерлік хат арнады

tynysym tarylyp tұnshyққan kezde seni ojladym Қaraқat қyzyna zhantebirenterlik hat arnady 41b5620

Қарақат Әбілдина алтыншы перзентін қандай қиындықпен дүниеге әкелгенін айтты. Коронавирус өршіп тұрған кезде қызды болған әнші өзіне оңай соқпағанын атап өтті. Ол желіде аласапыран кезде туылған қызына арнап жантебірентерлік жазба қалдырды, деп жазады Stan.kz.

"Тынысым тарылып, тұншыққан кезде сені ойладым": Қарақат қызына жантебірентерлік хат арнады

"Аласапыран кезде дүниеге келген ботам менің!

Сен құрсағымда жатқан кезде анашыңа оңай болған жоқ. Аты өшкір індет жағалай жалмап, жақсыларымыздан айырып, үрейімізді қашырды.

Ешқайда шықпай үйде отырған бізді де айналып өтпеді.
Дәм сезбей, тынысым тарылып тұншыққан кезде өзімді емес сені ойлап, сені уайымдадым.

Қапияда Анашымнан айрылып қайғыдан қарыс айырылған сәтте де жүрегің менімен бірге соқты.

Бірге жыладық, бірге көрдік. Ол сезімнің ащы дәмін екеуіміз ғана таттық.

"Үйде бола бер","Поликлиникаға келме" "қауіпті" – деген дәрігерімнің сөзінен кейін сенің денсаулығыңа алаңдай бердім.

Қарақат Әбілдина: УЗИ "ұл" дегенде бірден қабылдау оңай болмады

Жаман ойдан сақтандым. Жаратқанымнан жарылқау тілеумен болдым.

Сол кезде "огород" еккеніміз қандай жақсы болған. Көп уақытымыз бақшамызды қызықтаумен өтіп жатты. Жемістердің піскен уақыты ғой.
Ұлдар арам шөбін жұлып, суғарса, Аялёка екеуіміздің жұмысымыз піскен жемістерді жинау болды.

Кезек қызанақтарда. Томардай-томардай помидорларды жинап болып қалғанымыз сол еді "шығамын" – деп белгі бердің. Содан қызанақ теріп жүріп огородтан роддомға кеттік. 

Көп ұзамай Алла маған сендей тәтті қыз сыйлады. Сен көп жасайтын, бақытты қыз боласың!

"Екі түйіншектен аман шыққан ерекше қыз, батыр қыз келді!” – деген дәрігерлердің дауысы әлі құлағымда жаңғырып тұр. Әумин. 

Аман-сау бөпемді көріп, құшағыма алған сәтте жанарымнан жас тамшылай берді. Бұл жолы қуаныштың жасы еді.

Солай қызым, қызғалдағым, қып-қызыл піскен қызанағым", – деп жазды Әбілдина.

Жан сырын ақтарған әнші көпшілікті бейжай қалдырмады. Instagram оқырмандары Қарақаттың хатын оқып, тебіреніске бөленгендерін жазуда. 

"Керемет. Не деген жүрегіңді жарып ішкі дүниеңді тебірентіп жіберетін сөздер. Өзің де қызғалдақ қызанағың да аман болыңдар", "Шіркін аналық жүректен жарып шыққан естелікқой. Аллам ғұмырлы етсін",
"Осы қыз аумаған өзіңіз ғой деймін. Құдай бұйырса фигурасы да өзіңізге тартатын сияқты", – деп жылы лебізін білдірді олар.

Айта кетейік, Қарақат Әбілдина 2020 жылдың қыркүйек айында алтыншы сәбиін босанды.  
 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: