Тоқаев бейресми кездесуге Олимпиада формасымен барды

toқaev bejresmi kezdesuge olimpiada formasymen bardy 37ed6eb

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекет басшыларымен бейресми кездесуге қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев бейресми кездесуге Олимпиада формасымен барды

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Әлеуметтік желіде жарияланған фотоға қарағанда бейресми кездесуге Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ өзбек көшбасшысы Шавкат Мирзиеев та қатысқан.

Президент кездесуге Қазақстан құрамасының олимпиада формасымен барған.

Кеше Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барған болатын. 6 тамызда президент Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуіне қатысады. Жиын Каспий теңізі жағалауындағы "Аваза" ұлттық туристік аймағында өтеді.

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік проблемалары, Ауғанстандағы ахуал жөнінде пікір алмасады деп жоспарланған.

Бұл Орталық Азия өңірі елдері көшбасшыларының үшінші консультативтік кездесуі. Бірінші кездесу 2018 жылы Нұр-Сұлтанда, екінші кездесу 2019 жылы Ташкентте өтті.

 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: