Токио Олимпиадасында қазақстандық палуан қарсыласын тістеп алғаны үшін шу шықты

tokio olimpiadasynda қazaқstandyқ paluan қarsylasyn tistep alғany үshin shu shyқty 9093901

Токио Олипиадасында қазақстандық палуан Нұрислам Санаев белдесуде қарсыласының қолынан тістеп алған. Осыған қатысты кейін кішігірім жанжал туындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Токио Олимпиадасында қазақстандық палуан қарсыласын тістеп алғаны үшін шу шықты

Үндістандықтар желіде тараған видеоны қызу талқыға салып, Санаев сынның астында қалған. Ал халықаралық федерация осы мәселеге қатысты өз шешімін шығарды.

4 тамызда Санаев жартылай финалда үндістандық палуан Кумар Равимен белдескен болатын. Жерлесіміз 9:1 есебімен ұтып тұрып, есесін жіберіп алды. Рави оны әдіске түсіріп, таза жеңіске жету үшін ұстап жатқан. Сол кезде қазақстандық палуан қарсыласын қолынан тістеп алды.

Халықаралық федерация осы оқиғаны қарастырып, шешім шығарды. Қаулыға сәйкес, қазақстандық спортшының қарсыласын тістеп алғаны расталды.

Бірақ ол әдейі жасалмаған реакция болғандықтан, санкция салынбайтын болды. Нұрисламның өзі жекпе-жектен кейін Равидің ыңғайсыз қарсылас екенін айтқан.

"Үндістандық қарсыласыммен екі рет кездесіп, екеуінде де есе жібергенмін. Ол өте мықты балуан. Мен де бар күшімді салдым, бірақ жеңіске сәл жетпей қалды. Қалай ұтылғанымды өзім де түсінбей қалдым. Үнді балуаны мен үшін өте ыңғайсыз қарсыластың бірі. Оң жамбасыма келмеді", – деді Санаев.

Сол жекпе-жектен кейін үндістандық палуан төрешілерге де шағымданып көрген. Алайда өзі финалда ресейлік Заур Угуевтың қолынан тістеп, қанатып жіберді. Бірақ бәрібір ұтылып қалды.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: