«Есімі – Наташа»: Рухия Байдүкенова анасының орыс ұлтынан екенін растады

esimi natasha ruhija bajdүkenova anasynyң orys ұltynan ekenin rastady 3af38e0

Рухия Байдүкенова анасының орыс ұлтынан екенін растады. Алайда әнші 9-сыныпқа дейін орысша сөйлеуден үзілді-кесілді бас тартқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz Жан Содельдің YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Есімі - Наташа": Рухия Байдүкенова анасының орыс ұлтынан екенін растады

"Анам орыс ұлтынан, есімі – Наташа. 9-сыныпқа дейін үзілді-кесілді орысша сөйлеуден бас тартып келдім. Кейін Астанаға колледжге оқуға түстім. 

Ұстаздардың бәрі орыстар, орыс тілін үйренуге тура келді. Бірақ орыстарды жақсы көремін, адамды ұлтқа бөлмеймін, барлық ұлт өкілдерін жақсы көремін", – деді ол.

Сондай-ақ, Рухия Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауына қатысты пікір білдірді. 

"Өмірде кездескен емеспіз. Құттықтау хатын жолдады, кәдімгі құттықтау ретінде қабылдадым. Ол да халықтың ішінен шыққан адам. Біз сияқты қарапайым адам", – деді Рухия. 

"Ол бәрібір сіздердікі": Рухия Байдүкенова өзін Димаш Құдайбергенмен жұптастырғандарға жауап берді

Рухия "Славян базарындағы" жеңісінен кейін бірнеше күн ұйықтамағанын айтады. Себебі: 

"Хоас, ажиотаж болды. Барлығы хабарласып, сұхбат беруімді сұрады. Мен үшін үйреншіксіз болды. Себебі қарапайым студент едім, ал "Славян базарынан" кейін барлық жерде мені іздей бастады. Жеңу үшін бардым, содан шығар, жұлдыз ауруына шалдыққан жоқпын", – деп түсіндірді ару. 

Әнші байқаудың алғашқы күнінде өзіне "9" ұпай қойған Пенкинге қатысты: 

"Онымен келісемін. Бірінші күні актерлік шеберлігім жетпеді. Сондықтан әділ баға деп ойлаймын", – деді. 

Ал жеңіске Димаштың арқасында жетті дейтіндерге Байдүкенованың жауабы мынадай: 

"Қазылар-алқасының құрамында Димаштан басқа да адамдар болды. Димаш әділ-қазылар алқасының қатарында болмаса да, жоғары ұпай алатын едім. Солай үміттенемін…"

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: