«Ештеңеге қарамастан, табысты болады»: Қайрат Құдайберген екі аяғынан айырылған қызды жұмысқа алды 

eshteңege қaramastan tabysty bolady Қajrat Құdajbergen eki ajaғynan ajyrylғan қyzdy zhұmysқa aldynbsp 2087896

Кәсіпкер Қайрат Құдайберген екі аяғынан айырылып, протезбен жүрген алматылық аруды жұмысқа алды, деп хабарлайды Stan.kz.

"Ештеңеге қарамастан, табысты болады": Қайрат Құдайберген екі аяғынан айырылған қызды жұмысқа алды 

Фото: @smakhankyzy_

10 жасында екі аяғынан айырылған Самал содан бері түрлі қиындықтарға тап болған. Алайда еш мойымаған. Оның протез киіп жүргенін университтегі достары да білмеген. Себебі ол қатарластарымен бірге толыққанды өмір сүрген. 

"Ол курстастарымен түрлі іс-шараларға, кафе-мейрамханаларға барған, өзін ешқашан оқшау сезінбеген. Басқаларға қарағанда оған қиын болғаны сөзсіз. Ол осы уақытқа дейін аяғының жоқ екенін жасырып келген. 

Бірақ өзіне ұқсас адамдардың жағдайына қарап, ол өзі туралы шындықты айтып, басқаларға көмектесуді жөн көрген", – дейді Құдайберген. 

Кәсіпкердің сөзіне қарағанда, Самалдың Алматыдан жұмыс табуы қиынға соққан. Мамандық бойынша қызметке орналаса алмағандықтан, колл-орталықта диспетчер, кафеде хостес қызметін атқарған. Алайда басындағы проблемаларға байланысты жұмыстан шығуына тура келген. 

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от @smakhankyzy_

"Бүгінде Самал өзін-өзі толық қамтамасыз ете алатын, ішкі күйін жақсы жаққа өзгерткісі келетін адамдарға мотивация сыйлай алатын мықты қыз. Өкінішке қарай, көпшілігінің салы суға кетіп, күйзеліске түседі (ішімдік пен басқа да тәуелділікпен проблема пайда болады). 
Самал сияқты адамдар біздің қоғамда трендсеторға айналуы тиіс, онымен танысқаныма бақыттымын", – дейді Қайрат Құдайберген. 

Сондай-ақ, кәсіпкер Самалды жұмысқа алғанын қуана жеткізді. 

"Бүгіннен бастап Самал біздің холдингте СММ-менеджер мен қосымша қажеттіліктері бар адамдармен ерікті түрде жұмыс істейтін амбассадор қызметін атқарады. Оны құттықтап қойсаңыздар болады @smakhankyzy_ !" – деп қуаншыты хабарды жеткізді Қайрат Құдайберген. 

Самал аяғы туралы шындықты жариялаған кезде, айналасындағы кейбір адамдар одан сырт айналған. Құдайберген оларға сәлем жолдады: 

"Ол ештеңеге қарамастан табысты болады", – деді ол. 

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Қайрат Құдайберген (@kudaibergen_kairat)

 

 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: