Вакцина алмағандарға айыппұл салынуы қаншалықты дұрыс? Заңгер жауап берді

vakcina almaғandarғa ajyppұl salynuy қanshalyқty dұrys zaңger zhauap berdi a30579e

Екпе алмағандарды жұмысқа кіргізбей айыппұл салу қаншалықты дұрыс? Бұл сұраққа заңгер Нұржан Рахметов жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Вакцина алмағандарға айыппұл салынуы қаншалықты дұрыс? Заңгер жауап берді

Вакцина алмаған қызметкерлерді жұмысқа кіргізгені үшін мекемелерге айыппұл салынады. Жеке тұлғаларға 14 500 теңгеден басталып, ірі кәсіпорындарға 1 458 500 теңге айыппұл көзделген. Мемлекеттің бұндай қадамға баруы қаншалықты заңды?

“Атап өту керек мемлекет тарапынан жасалатын әрбір іс-әрекет заң нормаларына негізделген. “Халық денсаулығы” туралы заңның 104 бабына сәйкес санитарлық дәрігер шектеу шараларын қолдануға өкілетті. Бұл Конституцияның 39 бабында да қарастырылған”,- дейді Нұржан Рахметов.

  • Денсаулық сақтау министрлігі карантин талаптарын бұзғандардың аттарын жариялауға құқылы ма?
  • Алматыда бетпердесіз жүргендерді автобустан қуып жатыр

ПТР сынама мен вакцина алмаған жағдайда жұмыстан шеттетілу керек. Ал ол үшін жалақы да, әлеуметтік төлем де берілмейді. Бұл дұрыс па?

“Бұл жерде өкілетті орган яғни бас санитарлық дәрігердің актісін орындамағаны үшін сізді жұмыстан шеттеді. Еңбек Кодексінің 48 бабында жалақы сақталмайды деп тура қарастырылған. Барлығы заң аясында іске асады”,- дейді заңгер. 

 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: