Дәрігерлер коронавирустың балаларға кері әсерін анықтады

Балаларда коронавирустың жанама әсері 6-12 айдан кейін білінуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дәрігерлер коронавирустың балаларға кері әсерін анықтады

“Дельта” шатммынан болатын коронавирустың бұл жанама әсрі егде адамдарға қарағанда балалар мен жастарға әсер етеді. 

Бұл туралы Алматы қаласының №8 емханасының бас дәрігері Фарида Ағыбаева айтты.

Қазіргі уақытта коронавирустың "дельта" штаммы негізінен вакцина салдырмаған жастар арасында кең таралуда. Жұқтырғандардың 37% -ы 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтар.

"Қазір балалар коронавирусты оңай көтере алатыны белгілі болды, бірақ 6-12 айдан кейін көптеген адамдарда кововидтен кейінгі синдром пайда болуы мүмкін. Бұл өте қиын синдромдардың бірі, ол ағзаның кез келген бөлшегін зақымдауы мүмкін. Сол үшін ата-аналар балаларына сақ болуы керек. Бұл ауру балаларда жиі кездеседі, қанда иммуноглобулин М мүлдем болмай шығады", – деді Ағыбаева. 

Оның айтуынша, мұндай синдроммен бір жасқа дейінгі және созылмалы патологиясы бар балалар жиі ауырады.

Дәрігердің айтуынша, балалар көбінесе коронавирусты отбасы мүшелерінен жұқтырады.

"Көбінесе коронавирусты балалар ата -анасынан жұқтыруады. Сондықтан, бүгін біз балаларға қоғамдық орындарға баруды шектеуге тырысуымыз керек: балалрды дүкендерге, қоғамдық орындарға, ойын алаңдарына апармауға тырысыңыз", – деді Ағыбаева.

Источник stan.kz

Бүгінгі жаңалықтар