Актриса Мәдина Оспанова тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді. Сүйінші жаңалықты кино жұлдыздың өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлады, деп жазады Stan.kz.
"Бұған дейінгі өмір болмағандай. 24 сағаттық толғақ, 40 минут босану. Құдайды, өмірді сүйемін.
Біз ата-анамыз. Жақсы көремін", – деп жазба қалдырды ол.
Сондай-ақ, Мәдина перзентханадан фото жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оспанованы алғашқылардың бірі болып кинодағы серіктесі Төреғали Төреәлі құттықтады.
"Құтты болсын Мадикош! Бауы берік болсын! Бақыттты болыңыздар!" – деп тілек білдірді ол.
Айта кетейік, Мәдина Оспанова Төреғалидің "Ұлы дала комедиясы" фильмінде басты рөлді сомдады.