Балуан Дәулет Ниязбеков жартылай финалға шыға алмады

baluan dәulet nijazbekov zhartylaj finalғa shyғa almady 81933ce

Еркін күрестен қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарында жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтына сілтете жасап.

Балуан Дәулет Ниязбеков жартылай финалға шыға алмады

Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады. 

Еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақта Ниязбеков ширек финалда әлемнің үш дүркін чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзербайжандық Хаджи Алиевпен кездесіп, 1:9 есебімен жеңіліп қалды. 

Бұған дейін қазақстандық балуан 1/8 финалында кубалық әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері кубалық Алехандро Вальдеспен кездесіп, 21:11 есебімен қазақстандық балуанның еншісіне шешілген болатын.

Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық палуан балуан Әлішер Ерғали Олимпиада ойындарын ширек финалына шыға алмады. 

97 келі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали жартылай финалдық жолдаманы түркиялық Сулейман Караденизбен сарапқа салды. Тартысты белдесу 8:7 есебімен түркиялық балуанның еншісіне шешіліп, Әлішер Ерғали ұтылып қалды. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: