Жеңіл атлет Ольга Рыпакова спорттық мансабы аяқталғанын жариялады

zheңil atlet olga rypakova sporttyқ mansaby ajaқtalғanyn zharijalady 2e02670

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова спорттық мансабының аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жеңіл атлет Ольга Рыпакова спорттық мансабы аяқталғанын жариялады

“Мен Ольга Саладуха және Катерине Ибаргуэн сынды спортшы қыздармен бірге жарысқа түскеніме қуаныштымын. Мен үшін де, олар үшін де Токиодағы Олимпиада соңғы жарыс болды. Дегенмен олар ең үздік ретінде қала бермек. Мен қыздарлы қарсыластарым ретінде ғана емес, өзіме жақын адамдар ретінде сыйлаймын, жақсы көремін. Біз сайыстан тыс кездесеміз деп үміттенемін. Мен оларға жетістік пен армандарының орындалуын тілеймін. Өмірде тек биіктерден көрінулеріне тілектеспін”, – деп жазды Рыпакова Instgram-дағы парақшасында. 

"Отбасыма көбірек көңіл бөлгім келеді": Рыпакова спорттан кету туралы сұраққа жауап берді

Айта кетсек, Ольга Рыпакова – үш қарғып секіру спорты бойынша Токиодағы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғады. Алайда спортшы қыз жүлдеге ие болмады. Ол бұған дейін Лондон ойындарында алтын, Бейжіңде – күміс және Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада қола медальға ие болған. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: