ШҚО тұрғындары дауылдан қираған үйлеріне өтемақы ала алмай жүр

shҚo tұrғyndary dauyldan қiraғan үjlerine өtemaқy ala almaj zhүr 16b518b

ШҚО-дағы Қалбатау ауылында қатты желден жиырмаға жуық үй қираған. Бірақ жауаптыл тұлғалар дуыл болғандығын растамай отыр. Тұрғындар енді оқыс оқиғаны да, онан келген зардапты да дәлелдей алмай қиналуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

ШҚО тұрғындары дауылдан қираған үйлеріне өтемақы ала алмай жүр

“Алдымен қандай да бір дыбыс естілді, адамдар шығып, ағаштың құлағанын көрді, барлық сымдар жарқырай бастады. Ол көше бойымен өтіп, барлық тіректерді үйіп тастады, ұзындығы 3-4 метр ағаштарды құлатты.   Шатыр, төбенің едені, терезе, қоршау, бәрі қирады”, – дейді Қалбатау ауылының тқрғыны Юрий Юсупов. 

Оқиға шілде айының ортасында болған. Жел шатырларды қиратып, шаруашылық құрылыстары мен электр сымдарын үзген. Адамдар табиғи апаттан соң өтемақы алғысы келеді.  Бірақ олар болған оқиғаны дәлелдей алмай отыр. Себебі, жақын жердегі метеостанция дауылды тіркемеген.

“Заңға сәйкес, егер дауыл   болғаны расталмаса, біз сәйкесінше заң шеңберінде ақша бөле алмаймыз. Ауа райы туралы мәліметсіз біз ештеңе жасай алмаймыз. Сұраныс келді, бірақ дауыл расталмады, олар жел 19 м / с екендігі туралы анықтама берді. Біз тұрғындардың әрқайсысына көмектестік, кейбіреулері командалармен, кейбіреулері материалдармен. Тағы да, біз төтенше жағдай ережелерін қарастыруымыз керек”, – дейді Қалбатау ауылдық округінің әкімі Берік Самежанов. 

Ауыл әкімі де дауыл туралы барлық фотосуреттер мен бейне дәлелдерді жинаған. Материалдар аудан әкімшілігіне жіберілді дейді. Әзірге екі отбасына ғана 80 мың теңге төлеу туралы шешім қабылданған. Қалғандарына ақша жоқ.  Бірақ енді әкімдік кәсіпкерлерден көмек сұраймыз деп отыр.
 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: