Елордалық бойжеткеннің биі желі қолданушыларының талқысына түсті (видео)

elordalyқ bojzhetkenniң bii zheli қoldanushylarynyң talқysyna tүsti video 246261e

Нұр-Сұлтанда көшенінің қақ ортасына тұрып билейтін бойжеткен жұртты таңғалдырды. Елордалық қыздың биі түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елордалық бойжеткеннің биі желі қолданушыларының талқысына түсті (видео)

Бойжеткеннің биі желіде қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желіде таралған жазбаның астында видеодағы қыз өз әрекетін түсіндіріп өтті. 

“Сіздерге күлкі сыйлау үшін билеп жүрмін”, – деп жазады Аида есімді бойжеткен. 

Дегенмен елорда тұрғынының бұл әрекеті әлдекімге жақпаған секілді: ол биші қыз туралы полиция хабар берген. 

“5 тамызда 102 каналына Керей мен Жәнібек хандары және Мәңгілік Ел көшесінің қиылысында үш сағат бойы билеп тұрған бойжеткен жайлы хабар келіп түсті. Полицейлер онымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді”, – деді қалалық ПД өкілдері.

Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасына себепкер болмау үшін бұлай жасаудың қажеті жоқ екенін жеткізді. 

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от QARAKZ ?? (@qarakz)

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: