Карантин кезінде жұмыс істеуге рұқсат берген: Таразда әкімдік қызметкерлері пара алғаны үшін сотталды

karantin kezinde zhұmys isteuge rұқsat bergen tarazda әkimdik қyzmetkerleri para alғany үshin sottaldy 299c61e

Тараздағы №2 сот қалалық әкімдікте жұмыс істеген бұрынғы 2 шенеунікке үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Карантин кезінде жұмыс істеуге рұқсат берген: Таразда әкімдік қызметкерлері пара алғаны үшін сотталды

Олар карантин талабын бұзған кәсіпкерден пара алған. Сот үкімімен Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ізбасаров мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Әкім аппаратының бас маманы Сүйінбековке 1,5 млн теңге сомасында айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды, ал KIDS Park ойын-сауық орталығының әкімшісі Шілдебаевқа 6 млн теңге айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

"Ізбасаров пен Сүйінбеков Kids Park ойын-сауық орталығының әкімшісі Шілдебаевты алдап, 200 мың теңге ақша алды, алдын ала сөз байласып бір топ адамның ақшасын иемденді, карантин кезінде кешеннің кедергісіз жұмыс істегені және карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпады, ал Шілдебаев Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды қызметкерлеріне жалпы сомасы 200 мың теңге пара берді деген күдікке ілінді", – деп жазылған хабарламада.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: