Қазақстан саяхаттауға қауіпті болып шықты

azaқstan sajahattauғa қauipti bolyp shyқty 9485fd9

Қазақстан АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы жасаған COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары елдер тізіміне енді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN travel-ге сілтеме жасап.

Қазақстан саяхаттауға қауіпті болып шықты

Орталық жасаған картада еліміз қоңыр-қызыл түске боялып тұр. Бұл коронавирустың таралуының өте жоғары деңгейін білдіреді.

"Осы бағыттар бойынша саяхаттаудан аулақ болыңыз. Егер сіз осы елдерге баруды жоспарласаңыз, сапар алдында толығымен вакциналанғаныңызға көз жеткізіңіз", – делінген хабарламада.

Тізіде барлығы 70 ел бар. Қазақстаннан басқа Грузия, Греция, Индонезия, Иран, Ирак, Қырғызстан, Малайзия, Мальдив аралдары, Моңғолия, Оман, Сауд Арабиясы, Испания, Біріккен Араб Әмірліктері мен Ұлыбритания кірген.

  • 30 күнде бір рет шығуға құқылы: Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттай алады?
  • "Қазақ тілін ғана білдім, дүкенге барып нан алу маған қиын болатын": АҚШ-қа көшіп, табысты кәсіп бастаған қазақ жігіті өз оқиғасын айтты

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: