Токио Олимпиадасы: Дархан Асаділов Қазақстанға жетінші медальды тарту етті

tokio olimpiadasy darhan asadilov Қazaқstanғa zhetinshi medaldy tartu etti fe88978

Қазақстандық каратэші Дархан Асәділов Токио Олимпиадасының жартылай финалында жеңіліп, Қазақстан қоржынына жетінші қоланы салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Токио Олимпиадасы: Дархан Асаділов Қазақстанға жетінші медальды тарту етті

67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Асәділов жартылай финалда 2018 жылғы әлем чемпионы франциялық Стивен да Костамен жекпе-жекке шықты. 2:5 есебімен жеңілген қазақстандық спортшы финалға жолдама ала алмады. Осылайша, ол Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. 

Айта кетейік, Асәділов топтық кезеңдегі төрт қарсыласын да жеңіп, жартылай финалға бірінші орынмен шыққан болатын. 

Дархан Асәділов – каратэден Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі спортшы, жасы 33-те. 2010 жылы Азия чемпионы атанған. 2008 жылы әлем чемпионатында күміс, 2018 жылы қола медаль жеңіп алған. Еншісінде Азия чемпионатынан бірнеше жүлде бар.  

Бұл Қазақстан құрамасының бүгін алған үшінші қола медалі және каратэден алған Қазақстан тарихындағы алғашқы медаль.

Осымен Қазақстан құрамасының қоржынында жеті қола бар.

Олар дзюдодан Елдос Сметов, ауыр атлетикадан Игорь Сон және Зульфия Чиншанло, бокстан Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, еркін күрестен Нұрислам Санаев.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: