Қазақстандықтар қай мемлекеттерде тегін оқи алады?

azaқstandyқtar қaj memleketterde tegin oқi alady 600b639

Білім және ғылым министрлігі қазақстандықтарға тегін оқу грантын ұсынатын мемлекеттер саны көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандықтар қай мемлекеттерде тегін оқи алады?

Енді қазақстандықтарға Словакия, Әзірбайжан және Вьетнам грант бөледі. Осылайша, егер 2019 жылы білім беру саласындағы келісімдер аясында мемлекеттер тізімінде 7 ел болса, қатарға тағы үш ел қосылды.

Бұған дейін министрлік Венгриямен, Польшамен, Қытаймен, Украинамен, Беларусьпен, Қырғызстанмен және Тәжікстанмен уағдаластықтарға қол жеткізген болатын. Биыл студенттерге 500-ге жуық грант бөлінді.

"Біз "Болашақ" стипендиялық бағдарламасы бойынша ғана емес, үкіметаралық келісімдер шеңберінде де қазақстандықтарды тегін оқыту үшін елдер географиясын кеңейтіп жатырмыз. Қазақстанға оралғаннан кейін мамандар алған білімдерін өздері еңбек ететін саланы дамыту үшін қолданады деп үміттенеміз", – деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Қазақстанда жеке меншікке берілмейтін жоғары оқу орындарының тізімі жарияланды

Айта кетсек, қазақстандықтар бакалавриат, магистратура, докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша оқи алады.

2019 жылмен салыстырғанда конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірушілер саны 15%-ке артқан.

Үміткерлерді депутаттар, сарапшылар, инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының ғалым-докторларынан тұратын тәуелсіз комиссия іріктейді.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: