«Қойдың нәжісіне жуындырған»: Желідегі баланың видеосы қазақстандықттардың ашуын тудырды

ojdyң nәzhisine zhuyndyrғan zhelidegi balanyң videosy қazaқstandyқttardyң ashuyn tudyrdy 7581b6d

Баланы жануардың нәжісімен емдеген емшінің видеосы әлеуметтік желідегілерді шошытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қойдың нәжісіне жуындырған": Желідегі баланың видеосы қазақстандықттардың ашуын тудырды

Желіде "Әйел баланы қойдың нәжісіне шомылдырған" деп жазылған сурет кең таралып кетті. Ақпаратта емдеудің бұл әдісін желіде 180 000 аудиториясы бар емші қолданғаны жазылған. 

Сонымен қатар, емші балаларда көкжөтел болса, оны көгершіннің қанымен емдеу керектігі айтатыны туралы да ақпарат тарап кетті. 

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл іс бойынша тергеу жүргізу үшін ішкі істер министрлігіне жүгінгендерін хабарлады. Департамент емшілердің бұл әрекеті балалардың физикалық және психикалық денсаулығына зиян келтіретінін атап көрсетеді.

"Өкінішке орай, ата -аналардың әрбір нәрсеге сеніп қалуы, ауыр зардаптарға әкеледі. Балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына қамқорлық жасау ата-аналардың міндеті. Ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын білуі керек. Олар ӘҚБтК -нің 127 -бабы бойынша "Кәмелетке толмағандардың тәрбиесі және (немесе) білімі, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамауы" жазаға тартылады. Сондай -ақ балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қылмыстық кодекстің 141 -бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды", – дейді комитеттегілер. 

Ал ҚР бас педиатры Риза Боранбаева ата-аналардыемшіге жүгінуінің кесірінен, баланың денсаулығын нашарлайтынын жазды.

“Мұндай емдік шаралар көпшілік алдында талқылануы керек. Емшіге қалай сенуге болады? Ата-аналар балаларын қалай емдейтінін білмеген кезде ауруханаға алып келеді. Емшіге сенеміз деп бірнше ай жоғалтып алады. Ол кезде дәрігердің қолынан ешнәрсе келмейді. Оған қоса, емшіге барғандарын жасырып қалуға тырысады. Кейбір кезде шетелге жіберуге болады. Ал кейбір жағдайда ауру асқынғаны соншалық, медицина қауқарсыз болып қалады”, –дейді Риза Боранбаева. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: