Атыраулық полицейлер есірткі сақтағаны және тасымалдағаны үшін сотталды

atyraulyқ policejler esirtki saқtaғany zhәne tasymaldaғany үshin sottaldy 7f96dba

Атырауда №2 қалалық сот мотоцикл дөңгелегіне есірткі тығып, оны тасымалдаған облыстық полиция департаментінің екі қызметкеріне үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап. 

Атыраулық полицейлер есірткі сақтағаны және тасымалдағаны үшін сотталды

Сот полиция қызметкерлерін кінәлі деп танып, шенінен айырды. Сонымен қатар 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-тармағының 4-тармақшасы ("Лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау") бойынша жүргізілді.

Айта кетейік,14 ақпанда әкімшілік полицияның "майор" және "капитан" шеніндегі екі қызметкері мотоцикл дөңгелегіне марихуана жасырып тасымалдағаны үшін ұсталған еді.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: